08:55, 29 Сәуір 2011 | GMT +5
Екібастұздың арнайы машиналар паркі жаңа техникамен толықты
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұздың «Қалалық су арнасы» кәсіпорны бес жаңа арнайы техникаға ие болды,

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
Әкім Александр Вербняк жаңа экскваторды, «Беларусь» бульдозер-тракторын, КамАЗ көлігіне орнатылған су құюшы және су сорушы цистерналы техникаларды қарап шықты.
Жаңа техникаларды сатып алуға Екібастұз бюджетінен 47 миллион теңге бөлінді. Паркі ұзақ жылдар бойы жаңармай келген коммуналдық кәсіпорын үшін жаңа машиналардың келуі айтулы оқиға болып отыр.
«Мұндай техниканың көмегімен «Су арнасы» кәсіпорны қаламызға «Шахтер» саябағы мен вокзал маңына отырғызылған жаңа көшеттерді суаруға да көмектесе алады», - дейді әкім А.Вербняк.