Екінші деңгейлі банктерде халықтың салымы биылғы шілдеде 2,5 трлн. теңгеден асты

ТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Екінші деңгейлі банктерде халықтың салымы биылғы шілдеде 2,5 трлн. теңгеден асты. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов айтты.
None
None

«2010 жылы ІЖӨ 148 млрд. АҚШ долларынан асты. Бұл Орталық Азиядағы төрт мемлекеттің ІЖӨ-сін қоса есептегенде 2 есеге жоғары», - деді К. Мәсімов. Оның сөзіне қарағанда, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2010 жылы 6,5 пайызға, яғни 2 есеге қысқарды. Бюджет саласы қызметкерлерінің орташа жалақысы 2 есеге ұлғайып, 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 67 мың теңгеден асты. «Екінші деңгейлі банктерде халықтың салымы 2011 жылғы шілдеде 2,5 трлн. теңгеден асып, 2007 жылғы қаңтармен салыстырғанда 1,5 трлн. теңгеге ұлғайды», - деді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар