Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польша жерінде 27 мың ержүрек қазақстандық қаза тапқан - Варшавадағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметі

АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат. Мамырдың 5-і күні болған салтанатты шара Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алу қызметімен басталды. Оған Польшадағы Қазақстан елшілігінің өкілдері, Смоленск облысының әкімшілігі және жергілікті билік өкілдері қатысты.
None
None

Мазовецская жерінің Қазақстанға ерекше қатысы бар. Бұл жерде жарты жылдық қамауда басқа бауырлас халықтардың өкілдерімен бірге қазақстандық жауынгерлер де ерлікпен қаза тапқан. Қаза тапқан қазақстандық қорғаушыларды еске алып, жауынгерлердің зиратына гүл шоқтары қойылды және жауынгерлік атақтар берілді.

Қазақстанның Варшавадағы елшілігінің елші-кеңесшісі Марғұлан Баймұхан өз сөзінде жергілікті билікке қазақстандық жауынгерлердің жерленген жеріне көрсеткен қамқорлығына ризашылығын білдіре келіп, Екінші дүниежүзілік соғыста Польша жерінде 27 мың қазақстандықтардың ерлікпен қаза тапқандарын атап өтті. «Мен бұл салтанатты шараларға мазовецтік жастардың қатысып отырғандығына өте қуаныштымын. Кейінгі ұрпақ біздің ортақ тарихымыздың парақтарын біліп өскендігі өте маңызды», - деп атап өтті қазақстандық дипломат.

Сондай-ақ гитлерлік Германия жеңіліс тапқаннан кейін де Польша жерін тазалау барысында қаза тапқан польшалық жауынгерлердің зиратына гүлдесте қою рәсімі болды.

Маков-Мазовецке гүлдесте қою рәсімі әрдайым болып тұрады. Варшавадағы Қазақстан елшілігі осы рәсімнің тұрақты қатысушысы мен бастаушыларының бірі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар