Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері біздерді ынтымақтастыққа шақырады - Ресей Президенті
Бүгін, мамырдың 9-ы күні Ресей астанасы Мәскеуде өтіп жатқан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналған әскери парадта сөлеген сөзінде Ресей Президенті Дмитрий Медведев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлем әлі күнге дейін осал. Біз соғыстың бір сағатта басталмайтынын есте ұстауға міндеттіміз. Зұлымдық оның алдында кейін шегінетін болса, оны елемейтін болса күш ала түседі. Тек бірігіп ғана біздер қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұра аламыз. Әділеттіліктің және қайырымдылықтың идеялары бүкіл әлемде салтанат құруы, келешек ұрпақтық өмірлері еркін және бақытты болуы үшін жаһандық қауіпсіздік проблемасын тату көршілік негізінде шешу қажет», деді Ресей Президенті.
Осы орайда Д. Медведев соғыстың нәтижелерін қайта қарауға, жаңа трагедияларға жол бермеу қажеттігін атап көрсетті. «Соғыс жастары әртүрлі, үлттары әртүрлі, діндері әртүрлі көптеген елдердің азаматтарының, ондаған миллиондаған адамдардың өмірін қиды», деді ол. «Құрметті ардагерлер! Осыдан алпыс бес жыл бұрын Сіздер өз Отандарыңыз үшін және барлық Еуропа үшін бейбітшілікті жеңіп алдыңыздар және біздерге өмір сүруге мүмкіндік туғыздыңыздар. Сіздерге бас иеміз, Мерекелеріңізбен!», деді Ресей басшысы әскери парадты тамашалаған ардагерлерге қаратып айтқан сөзінде.