Экология министрінің СҚО-ға сапары барысында зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселесі талқыланды

ПЕТРОПАВЛ. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров келді.
None
None

Оның облыс активімен кездесуі барысында зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселесі басты тақырыпқа айналды.

Облыс активімен кездесуге дейін министр және СҚО әкімі Самат Ескендіров сүт өңдіру бойынша өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі «Сүтсервис» ЖШС-да болды. Мұнда жылына 5 мың тоннадан астам өнім өндіріледі.

Кәсіпорында өндірісті жаңғыртуға баса мән берілген. Серіктестік 2011 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 100 млн. теңге көлемінде несие рәсімдеген. Қаражат құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалған.

Кәсіпорынның тынысын саралаған министр облыстың активімен де кездесті. Жиында зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселесі басты тақырыпқа айналды.

Н. Қаппаров зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселесіне жан-жақты тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі жағдай сақталса, алдағы уақытта бірнеше мәселеге тап боламыз. Жасалған есеп-қисапқа сәйкес, 2050 жылға қарай зейнетақының 4 есеге қысқаруын күтуге болады. Бұл негізінен, зейнетақының еңбек бөлігі жоспарланғандай тежеліп, ал жинақтау бөлігі тиісті дамуда болмайтынына байланысты.

Министрдің пайымынша, бұл 2018 жылдан кейін сезілмек, сәйкесінше елімізде зейнетақы жүйесінің жаңғыртылуы қажетті шараға айналып отыр.

Соңғы жаңалықтар