10:45, 29 Ақпан 2012 | GMT +5
Экономика министрлігінде жетісулық алты компанияны субсидиялау мәселесі қарастырылып жатыр
ТАЛДЫҚОРҒАН. 29 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіне «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жетісулық 6 компанияны субсидиялауға өтінімдер жолданды.

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының өңірлік директоры Ринат Талтүсов мәлім еткендей, министрлік мақұлдаған жағдайда несиенің жылдық мөлшерлемесінің 8 пайызы субсидияланатын болады.
«Өтініштердің арасында тамақ саласы, ауылшаруашылық шикізаттарын өңдеу және логистика басым», - деп мәлімдеді Р. Талтүсов.
Бүгінгі күні Алматы облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша экспортқа бағдарланған 2 өндіріс субсидия алып отыр.