Экономикалық даму және сауда министрлігі 2 ай ішінде лицензияларды қосымша 30 пайызға қысқарту туралы ұсыныс енгізуі қажет - К. Мәсімов
Премьер-Министр бұл тапсырманы бүгінгі Үкімет отырысында берді.
Премьер-Министр өз сөзінде Мемлекет басшысының Экономикалық даму және сауда министрлігінің өкілеттігін кеңейту туралы шешім қабылдап, ведомствоға бірқатар жеке тапсырма бергендігін атап өтті. Осыған орай Үкімет басшысы Қ. Келімбетовке мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, шағын және орта бизнеске шектеулерді қысқарту үшін заңнамаға және ескерту түрінде рұқсат алуды енгізуге сараптама жүргізуді тапсырды.
«2 айлық мерзімнің ішінде лицензияларды және басқа да рұқсат беру құжаттарын қосымша 30 пайызға қысқарту туралы ұсыныс енгізу қажет»,-деді К. Мәсімов.
Сондай-ақ Премьер-Министр 1 айлық мерзімге стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалық құжаттарға мониторинг жүргізу және бағалаудың тиімді жүйесін құрып, бекітуге енгізуді тапсырды.