10:41, 28 Ақпан 2012 | GMT +5
Экономикалық даму және сауда министрлігі жыл соңына дейін 80 рұқсат беру құжатын электронды түрде беруі тиіс - Үкімет басшысы
АСТАНА 28 ақпан. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы жыл соңына дейін 80 рұқсат беру құжатын электронды түрде немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруді тапсырды.

Бұл тапсырманы Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет отырысы барысында Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктеді.
«Экономикалық даму және сауда министрлігі Көлік және коммуникация министрлігімен, Кеден комитетімен және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп 20 наурызға дейін берілген барлық лицензиялардың базасын өзектендіріп, олардың толықтырылуын тұрақты түрде қамтамасыз етсін», - деді Үкімет басшысы.
Сондай-ақ К. Мәсімов 1 сәуірден бастап барлық лицензиялардың қалыптастырылуын электронды түрде жүргізуге, жылдың соңына дейін 80 рұқсат беру құжатын электронды түрде жүргізуді немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруді тапсырды.