Экономикалық интеграция мәселелері бойынша министрді тағайындау - ҚР халықаралық және өңірлік экономикалық интеграциялық үдерістер барысында мүдделерін білдіру жұмысын күшейтуге мүмкіндік береді

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев үстіміздегі жылғы 16 сәуірде «Айтжанова Жанар Сейдахметқызын Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.
None
None

Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрдің қызметі Қазақстан Республикасының ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік жұмысына қатысуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуін ұйымдастыруға және келіссөздер жүргізуге бағытталатын болады, деп хабарлады ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

Экономикалық интеграция мәселелері бойынша жұмыс органының функцияларын Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің жекелеген құрылымдық бөлімшелері атқаратын болады.

Экономикалық интеграция мәселелері бойынша министр деңгейіндегі лауазымды тұлғаны тағайындау - халықаралық және өңірлік экономикалық интеграциялық үдерістер барысында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру жұмысын күшейтуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум