Экономикалық тұрақсыздық ахуалында Президент қазақстандықтардың әлеуметтік қорғалуын басты орынға қойып отыр - Е. Масалимов

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Елбасының кезекті «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауы - бұл әлемдік дағдарыстың сыртқы экономикалық әлемдік дағдарыс факторларынан өтудің жолы, деп атап өтті Жамбыл облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Масалимов.
None
None

«Президент дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес бағытын жариялады. Әр бағытта мемлекеттің қаржы тұрақтылығы мен халықтың әлеуметтік қорғалуын жақсартуға бағытталған нақты шаралар көрсетілді. Жолдаудың жаңа әлеуметтік саясатқа арналған бесінші бағыты көпшіліктің жүрегіне жол тапты деп ойлаймын. Экономикалық тұрақсыздық ахуалында Президент бұрынғыдай басты орынға қазақстандықтардың тұрмысының жақсаруы мен әлеуметтік қорғалуын қойып отыр», - деп атап өтті Е. Масалимов.

«Барлық жаһандық дағдарыстардың теріс ықпалына байланысты экономикамыз тап болған бүкіл қиындықтарға қарамастан, біз әркез қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып келдік. Он жылда әлеуметтік салаға мемлекеттік шығындар нақты көрсеткіш бойынша 3 есеге жуық өсті. Әлеуметтік сала мен мемлекеттік басқаруда жұмыс істейтіндердің саны 1,2 миллион адамнан асады», - деген Елбасының сөздерін спикер келтірді.

Президент денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғаудағы қызметкерлердің жалақысын ұлғайтуға үлкен мән бергені қуантады. Азаматтарға әлеуметтік қолдауды кеңейту мақсатында Президент Үкіметке 2016 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін еңбекпен қамтудың жаңа Жол картасын жасауды тапсырды. Бағдарламаларды қаржыландыру көлемі осыған дейінгі бағдарламаға қарағанда ұлғайтылады. Бюджет қызметкерлерінің түрлі деңгейлеріне сараланған шараны қолданылуы дұрыс, деп есептейді ол

«Президенттің әлеуметтік қолдау тек мұқтаж адамдарға, олардың нақты табыстары мен өмір сүру жағдайын бағамдау негізінде көрсетілетіні жайлы атап өтуі орынды. Ақшаны өздері, өздерінің еңбектерімен табулары тиіс», - деді спикер.

Соңғы жаңалықтар