19:04, 11 Мамыр 2010 | GMT +5
Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Ұлттық статистикалық кеңселері басшыларының отырысы өтеді
АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Ағымдағы жылғы мамырдың 27-28-інде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Экономикалық ынтымақтастық ұйымымен бірлесіп ЭЫҰ мүше елдерінің Ұлттық статистикалық кеңселері басшыларының екінші отырысын өткізеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиынға Қазақстан, Ауғаныстан, Әзірбайжан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің статистика мекемелерінің басқарушылары, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтіледі. Басқосу өңірдегі статистика саласындағы жоғары деңгейде өткізілетін негізгі форум болып табылады.
Жиын шеңберінде ұлттық статистикалық кеңселер қызметін қозғайтын статистикалық ынтымақтастық мәселелер және басқа да өзекті тақырыптар талқыланатыны жоспарланған. Бұндай талқылаулар қорытындысы бойынша қорытынды баяндама қабылданады.