16:46, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Еуроодақ тікелей шетелдік инвестициялық көздерді әртараптандыруды қолдайды
АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат – ҚР вице-премьері Ербол Орынбаев, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен және Еуроодақ ұйымдарымен бірге сейсенбі күні Қазақстан Республикасындағы инвестицияны және бәсекеге барынша қабілеттілікті жылжыту бойынша бастамашылықтың ресми ашылуын өткізді.
Осы бастаманы Еуроодақ 2 миллион еуро сомасында және Қазақстан Республикасының Үкіметі ? 1,8 миллион еуроға қаржыландырады, деп хабарлады ҚазАқпаратқа Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы Еуропалық комиссия өкілдігінің баспасөз қызметі. «Осы бастама ? Қазақстан Республикасындағы бәсекеге барынша қабілеттілікті қолдаудағы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы әріптестігінің басталуы болмақ», ? деді Е.Орынбаев.Бірінші кезекте бәсекеге барынша қабілеттілік көздерін белгілеу және стратегиялық кедергілерді жою үшін түрлі секторлар назарға алынады. Болашаққа бағдарланған шетелдік инвесторлар тәсілдерінің жылжымалы әдістерін пайдалана отырып, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы қазақстандық экономикаға тікелей шетелдік инвестициялардың көздерін әртараптандыруды қолдауға және энергетикалық емес секторларды белсенді дамытуға бағыттап отыр.«Қаржылық дағдарыс уақытында тікелей шетелдік инвестициялардың көздерін әртараптандыру Қазақстан үшін айрықша маңызға ие болады», ? деді Еуразиядағы бәсекеге барынша қабілеттілікті дамыту бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы бағдарламасының басшысы Фади Фарра.