08:29, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Экономиканы ынталандыра отырып, электр энергиясына жаңа тарифтер қойылады ? Атырау облысы
АТЫРАУ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов Атырауда тұрғын үй-коммуналдық саласындағы тариф және энергия үнемдеу мәселелеріне арналған кеңес өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Энергия ресурстарын үнемдеу мақсатында жаңа 2010 жылдан бастап Қазақстанның барлық облыстарының тұрғындары тұтынылған энергия қуатының көлеміне байланысты болатын сараланған тарифтерге ауысатындығы туралы ақпарат жария етілді. Атырау облысында құрамына монополияға қарсы ведомствоның, атқарушы өкімет пен қоғам өкілдері және кәсіпкерлер кірген комиссия құрылды. Комиссия қолданыстағы тариф бойынша төлем жасалатын отбасының бір мүшесіне жұмсалатын электр қуатының көлемін анықтайтын болады. Ал сол көлемнен артық тұтынылған энергия үшін ақы жоғарылау тарифпен төленетін болады. Жаңа жүйеге ауысу энергия қорын үнемдірек тұтыну мақсатында жүргізілуде. Қосымша түскелі отырған қаражаттың барлығын энергетиктер жаңа энергетикалық қуаттар құруға және қолданыстағы қуаттарды жаңартуға жұмсайтын болады. Н.Алдабергеновтың айтуынша, тарифтің күрт көтерілуіне монополияға қарсы ведомство жол бермейді, тарифті түзудің жаңа жүйесін енгізу жөніндегі барлық жұмыс жұртшылықтың қатаң бақылауымен жүргізілетін болады.