Экономиканы жаңарту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның көшпелі мәжілісінде фармацевтикалық саланы дамытудың жайы талқыланды - Шымкент

ШЫМКЕНТ.  Қазанның  30-ы.  ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов   Оңтүстік Қазақстан облысында  Экономиканы жаңарту  мәселелері  жөніндегі мемлекеттік комиссияның    көшпелі    мәжілісін  өткізді.
None
None

Комиссия жұмысы   «Химфарм» акционерлік  қоғамында басталды.   Онда      серпінді  индустриялық-инновациялық   даму бағдарламасы аясында      фармацевтикалық   кешенді дамыту  мәселелері  сөз болды.  Ел  басшылығы алға  фармацевтикалық   саланы  дамытудың стратегиялық  міндеттерін,     оның ішінде    отандық дәрі-дәрмектердің отандық өндірушілерінің есебінен  2014 жылға   қарай  елдің   дәрі-дәрмекке  деген  ішкі сұранысының  50 пайызын қамту,      республиканың фармацевтикалық  кәсіпорындарында   халықаралық стандарттар енгізу  міндеттерін  қойып  отыр.

 Индустрияның   дамушы саласы  болып  табылатын  Қазақстанның фармацевтикалық    өнеркәсібі      жалпы алғанда 79 кәсіпорынды қамтиды.   Қазақстанда  шығарылатан дәрі-дәрмектердің  90 пайыздан астамы  ең ірі бес  зауыттың  үлесіне   тиесілі. «Химфарм» АҚ, «Глобал Фарм»  бірлескен  кәсіпорны, «Ромат» фармацевтикалық   компаниясы, «Нобел АФФ» кәсіпорны,  «Нұр-Май Фарм» серіктестігі ,   Қарағанды  фармацевтикалық зауыты      өндірістік  толық  циклді    кәсіпорындар  болып табылады.

 Мәжілісте  атап  көрсетілгендей,    соңғы  15 жылда  отандық өндірушілердің  нарықтағы  үлесі   3 пайыздан 10 пайызға  артып отыр. 2005-2008 жылдары ішкі  нарықтағы   фармацевтикалық    препараттардың сатылуының  орташа  жылдық  өсімі  19 пайызды құрады.       Өз  фармацевтикалық   өндірісімізді    кеңейту  жөніндегі  жұмыстар   жалғасуда.  Желтоқсан  айында      арнайы бағдарлама  қабылданып,  оның аясында вакциналар, инсулин, антибиотиктер  және т.б.  дәрілік  препараттардың  өндірісін  ұйымдастыру  пайымдалып  отыр.  Атап айтқанда,    Астана мен  Шымкент  қалаларында    фармацевтикалық  фабрикалардың  құрылысы  қарастырылған.  «Химфарм» акционерлік қоғамы «Астана   - жаңа қала» арнайы экономикалық аумағында    таблеткалы    дәрілік формаларды    өндіру  жөніндегі  цех құрылысының жобасын  қолға алып  отыр.  Шымкентте   ампулалық-инфузиялық ерітінділер  мен  антибиотик  ұнтақтарын    шығаратын  қолданыстағы өндірісті    кеңейту   жоспары  тағы бар.  Жобалар  « Қазақстанның  даму банкі» акционерлік қоғамының  қаржысына  жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар