Экономиканы жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссияның көшпелі отырысы экономиканы алға жылжытуға мүмкіндік береді - Кәрім Мәсімов

КЕНТ. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Экономиканы жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссияның көшпелі отырысы экономиканы алға жылжытуға мүмкіндік береді. Бұл жөнінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін Шымкентте Экономиканы жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші көшпелі отырысын қорытындылау кезінде айтты.
None
None

«Басты мәселе - жыл аяғына дейін жеделдетілген индустрияландыру бағдарламасын - секторларға бөле отырып, іс жүзіндегі жоспарлармен, іс жүзіндегі ақшалармен, іс жүзіндегі мүмкіндіктермен әзірлеу. Біздер бүгін сөз болғандай: міне бұл - біздің жоспарымыз, міне мынау - ресурстарымыз, мынау біздің - адамдарымыз, ал мынау - мемлекет және жеке сектор деп айтуымыз үшін. Сөйтіп алға жылжуымыз керек», деді ҚР Премьер-Министрі.

 Үкімет мүшелері, жергілікті атқарушы билік және бизнес өкілдері  елдің жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамуы үшін маңызды бағыттарды талқылады.

Соңғы жаңалықтар