Экономиканы жетілдіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен экономиканы жетілдіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Отырыс барысында еліміздің екпінді түрде индустриялық-инновациялық дамытуын қамтамасыз ету шаралары бойынша кең ауқымды мәселелер қаралды. Мемлекеттік комиссия мүшелерінің назарына экономикалық дамудың 7 басым бағыты бойынша іске асырылып жатқан және перспективалық инвестициялық жобалардың Картасы ұсынылды.Аталмыш Картада инвестициялық қоржындардың салалық және жүзеге асыру мерзімдері бойынша бөлінген құрылымдары, нысандарды пайдаланудың экономикалық тиімділігі мен аймақтар бойынша орналастырудың құрылымдары қамтылған.Бұл орайда, әр басым бағыт бойынша жобаларды іске асыруға жауапты жеке тұлғалар анықталды.Премьер-Министр жауапты басшыларға ұсынылған Картаны егжей-тегжейлі қарап, тез арада өздерінің ұсыныстарын енгізуді тапсырды.
Соңғы жаңалықтар