Экономиканың басқа салаларында құлдырау болғанына қарамастан, медианарық қалыпты түрде өсе түспек - Н.Назарбаев

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Экономиканың басқа салаларында құлдырау болғанына қарамастан, медианарық тұтынушы есебінен қалыпты түрде өсе түспек.
None
None

Бүгін Астанада өз жұмысын бастаған Еуразия медиа форумында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Сөз арасында Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасындағы Кедендік одақ мәселесіне тоқтала келе Елбасы, 2015 жылға қарай Бірыңғай экономикалық кеңістік құрылатынын, бұның өзі Еуразиялық экономикалық одақ құруға бастама болатынын атап өтті.

Бұл ретте Н.Назарбаев Еуразия медиа форумының күн тәртібінде дәл осы одақтың перспективасы талқыланатынын айта келе, пікірталас алаңында жоспарланған басқа да мәселелердің маңызды болып табылатынын айтты.

«ХХІ ғасырда медиа саланың мәні күрт өсіп отыр. Медиа сала жер жаһанда орын алып отырған оқиғаларды таратып қана қоймай, көбінесе жекелеген мемлекеттерде, жалпы әлемде олардың қадамын айқындайтын жетекші субстанцияға айналып отыр. Сөзсіз бұқаралық онлайн-журналистика - бұл БАҚ-тың даму сатысының жаңа бағыты. Ол БАҚ дамуына шексіз мүмкіндік береді. Сарапшылардың бағалауынша, коммуникация мен телевидение түрлі елдерде ұлттық өнімнің 70 пайызына дейін құрайды. Экономиканың басқа салаларында құлдырау болғанына қарамастан, медианарық тұтынушы есебінен қалыпты түрде өсе түспек», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар