Екпінді елді мекенінде 35 қойда белгісіз клиникалық этиологиясы бар жұқпалы ауру пайда болғаны анықталды - ОҚО
Мал басын клиникалық тексерістен өткізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Зертханалық зерттеулермен нақты диагнозды анықтау үшін өлекселерден патологиялық сынама алынды. «Республикалық ветеринариялық зертхана» РММ облыстық филиалының алдын ала зерттеу нәтижелері бойынша «күл ауруы» деген диагноз анықталды. Зерттеулер соңғы диагнозды анықтауға дейін жалғасын табуда.
Аудан әкімінің орынбасарының басшылығымен туындаған төтенше жағдайға әсер ету жедел штабы ашылды. Қазіргі уақытта жұқпалы аурудың алғашқы ошағын тоқтату үшін кешендік шаралар қолданылып, жұқпалы аурудың әрі қарай таралуын тоқтату үшін буферлік аймақ құрылды.
Өлген малдарды жою және ауру мал басы мен байланыста болған малдарды анықтау үшін шаралар қолданды. Осы елді мекенде мал қозғалысы мен мал өнімдерін тасымалдауды катаң бақылауға алуды қамтамасыз ету үшін уақытша шектеу шаралары енгізілді.
Облыстық бас мемлекеттік ветеринариялық- санитарлық инспекторларына осы аурудың басқа аумақтарға таралып кетпеуін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауға, бақылаудағы ветеринариялық объектілердің қозғалысын қатаң бақылау үшін тапсырма берілді.