ЭКСПО-2015 көрмесінде қазақстандық павильон «Тақырып пен контентті үздік ашу» аталымы бойынша көшбасшылар үштігіне енді
Отандық павильонға «Тақырып пен контентті үздік ашу» аталымы бойынша награда табысталды.
«ЭКСПО-2015» көрмесінің тақырыбы: «Ғаламшарды азықтандыру. Өмір үшін энергия» болды. Қазылар алқасының пікірінше, қазақстандық павильонның мазмұнды бөлігі көрме тақырыбын ашып, сондай-ақ келушілерді елдің агромәдениеті, географиясы, дәстүрлері, азық-түлікпен қамтамасыз ету ерекшеліктері және ұлттық асханасымен жеткілікті таныстыра алды. Біздің еліміздің павильоны көрме бойы келушілер саны ең көп болып, көрме комитетінің ұйымдастырған дауыс беру қорытындылары бойынша көш бастап тұрды. Күн сайын мұнда шамамен 5 мың адам келді, павильонға келуге ниет білдірген қонақтардың кезегі ол жабылғанша азаймады. Ағымдағы жылдың 23 қазанында қазақстандық павильонда миллионыншы келушіге құрмет көрсетілді. Ол Италиядан келген 57 жастағы Даниеле Берго болды. Жалпы аумағы 3000 шаршы метрден астам аумақты алып жатқан қос қабатты қазақстандық павильонның тақырыбы ретінде «Қазақстан - мүмкіндіктер елі» тақырыбы таңдалды. Миландағы ЭКСПО-2015 Бүкіләлемдік көрмесінде қазақстандық павильонға Қазақстаннан итальян және ағылшын тілдерін меңгерген 150 ерікті қызмет көрсетті.