ЭКСПО-2017 халықаралық өзекті мәселелер бойынша терең мазмұнды диалог құруға септігін тигізетін болады - Көрме комиссары Р.Жошыбаев

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше Парижде Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) штаб-пәтерінде ХКБ Атқарушы комитетінің отырысы болып өтті.
None
None

Қазақстан делегациясының құрамында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары, ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Ермегияев, ҚР-дың Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Дәненов болды.

Отырыста Рәпіл Жошыбаев ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысын баяндап, соңғы 5 ай ішінде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының құрылғаны туралы айтып берді.

«ЭКСПО-2017 көрмесі халықаралық қауымдастық үшін ең өзекті деген мәселелерді ортақтасып шешуге және терең мазмұнды диалог құруға өз септігін тигізетініне кәміл сенеміз», - деп атап өтті ол.

Ал «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Т.Ермегияев Атқарушы комитет мүшелеріне ЭКСПО көрмесін өткізуге арнайы бөлінген жер учаскесі жөніндегі ақпаратты, ЭКСПО көрмесінің бас жоспарын, оның ішінде павильондардың орналасу реті мен нысандарды көрме өткеннен кейін пайдалану жобасын ұсынды.

Сонымен қатар, ХКБ Атқарушы комитетінің күн тәртібінде өзге де мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Миландағы EXPO-2015 көрмесіне дайындық үрдісі бойынша, 2016 жылда Анталья қаласында өткізілетін бағбандық көрмесі турасында есептемелері және де ХКБ Сараптама комиссиясының 2020 жылы Халықаралық көрмені өткізуге үмітті елдерді аралау нәтижесінде жасаған қорытынды есебі тыңдалды. Естеріңізге сала кетейік, EXPO-2020 Халықаралық көрмесін өткізу құқығына бес мемлекет - Ресей (Екатеринбург), БАӘ (Дубай), Түркия (Измир), Тайланд (Аютайя) және Бразилия (Сан-Пауло) бақталасуда.

Соңғы жаңалықтар