ЭКСПО-2017 қарсаңында жаңартылатын энергия көздерін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету маңызды - Н. Нығматулин

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Жаңартылатын энергияны қолдау Қазақстанның экономикалық, технологиялық жаңғыруы үшін барынша маңызды.
None
None

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бойынша Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай мәлім етті.

Талқылау барысында заң жобасының маңыздылығына тоқтала келе спикер, «Қазақстан «жасыл» экономикаға көшуге қатысты әлемге өзінің ұмтылысын айқын көрсетіп отырғанын» атап өтті. «Бұл жауапты қадам, бұл еліміздің индустриялық-инновациялық дамуынан да кем түспейтін маңызды қадам. Қазақстанның тұтастай 2050 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғыруы тұрғысынан алып қарағанда да осы заң жобасындағы қамтылған мәселелер маңызды. Алдымызда 2017 жылы Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу міндеті тұр. Сондықтан да, жаңартылатын энергия көздерін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, бұл біздің үлкен міндетіміз», - деді спикер.

Бұл ретте Н. Нығматулин Парламенттің осы бағыттағы жұмысқа дайын екендігін, алайда заң жобасын әзірлеушілер тарапынан тиісті қадамдар байқалмай отырғанын айтып өтті.

«Біз табиғаттың байлығын тиімді пайдалана білуіміз керек. Бүгінгі күні желдің күшін, күнді, су қуатын пайдалану экологиялық проблемаларды шешуге, энергияны сақтауға, инновациялық технологияларды дамытуға жасалған қадам болмақ. Сондықтан да, заң жобасы Қазақстанның экономикалық һәм технологиялық жаңғыруы үшін барынша маңызды», - деді төраға.

Соңғы жаңалықтар