ЭКСПО-2017 комиссары Р.Жошыбаев Мюнхенде екіжақты кездесулер өткізді
11-12 шілде күндері Мюнхенде Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Р.Жошыбаевтың Ганновердегі ЭКСПО-2000 бас комиссарының орынбасары, «Messe München GmbH» компаниясының басшысы Норберт Баргманмен, Бавар экономикаға жәрдемдесу кеңесінің төрағасы Отто Висхоймен, сондай-ақ Бавария федеральдық жерінің баламалы энергия, энергия үнемдеу және «жасыл» технологиялар өндірісі, «Ақылды қала» жобалары бойынша қалалық инфрақұрылымды жаңғырту және жаңарту саласындағвы бірқатар жетекші компаниялардың басшылығымен екіжақты кездесулері өтті.
Бавар бизнесі өкілдері Астана қаласында «ЭКСПО-2017» өткізуге әзірлік барысы, сондай-ақ осы жалпыұлттық жобаны жүзеге асыруға қатысу мүмкіндіктері туралы хабардар етілді. Атап айтқанда, Р.Жошыбаев Қазақстан елге бавар компаниялары иеленіп отырған «Болашақтың энергиясы» көрмесі тақырыбымен байланысты озық әлемдік технологияларды тартуға мүдделі екенін атап көрсетті.
Неміс кәсіпкерлері Қазақстан олар үшін елде баламалы энергетиканы дамыту үшін қолайлы табиғи жағдайлары (күн, жел және т.б.) және Еуразияның кіндігінде тиімді орналасу жағынан ғана емес, ел басшылығы тарапынан «жасыл» экономикаға көшуге зор қолдау мен көңіл бөлінуі себебінен өте перспективалы және тартымды нарық екендігін атап көрсетті.
Олардың пікірінше, Астанада 2017 жылы ЭКСПО өткізу туралы шешім Қазақстанға өздерінің, соның ішінде көрме ауқымында болашақта республиканың басқа да айақтарына бағытталған ұзақ мерзімді жобаларын жүзеге асыруға, сондай-ақ көршілес елдердің әлеуетті нарықтарын қосымша ынталандыру күшін еселейді.
Н.Баргман сұхбат ауқымында 2000 жылғы Ганновердегі ЭКСПО өткізу тәжірибесімен бөлісті. Тараптар Астанадағы көрмені ұйымдастыру жөніндегі кең ауқымды мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады. Кездесу қорытындысында «Deutsche Messe» компаниясының басшысы Қазақстан астанасында 2017 жылы ЭКСПО өткізуге белсене қатысатын ниетін мәлім етті.