ЭКСПО-2017 көрме нысандарына лаңкестік тұрғысынан осал деген мәртебе берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына берген жауабында Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесі тұсында лаңкестікке қарсы қолға алынатын шаралар туралы айтып берді.
None
None

"Болуы мүмкін лаңкестік пен экстремистік қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында көрме нысандарына лаңкестік тұрғысында осал деген мәртебе беріліп отыр. Көрме аумағында діни жағдай жедел қадағалау жүргізіліп отырады, оның үстіне күн сайын көрме нысандарында жарылғыш заттарға, радиоактивті, химиялық және өзге де компонеттері бар заттарға қатысты тексеру болып тұрады», - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметі «ҚазАқпарат» тілшісіне берген жауабында.

Ведомствоның хабарлауынша, көрме аумағындағы өткізу пунктінің жұмыс режимі қатаңдатылып отыр.

«Көрмеге келген адамдарды бет-бейнесінен анықтау жүйесімен тіркеу жоспарлануда. Ол камералар ЭКСПО-ға кіретін барлық жерлерде орналастырылады. Сонымен қатар «профайлинг» әдісі бойынша адамды жүріс-тұрысынан көрменің қауіпсіздігіне қауіп төндіретіндігін анықтайтын арнайы «Бүркіт» ақпараттық жүйесі арқылы сканерлеу көзделуде», - делінген ҚР ІІМ жауабында.

Оның үстіне, ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде рентген-телевизиялық құралдар мен тепловизорлар қолданылады. Сондай-ақ көрме аумағына тыйым салынған заттарды өткізбеу үшін мобильді кешендер пайдаланылады. Онда ішкі істер және кеден органдарының қызметкерлері қызмет етеді.

Биыл қазан айынан бастап, көрмеге келетін жүктерді тексеру үшін жаңа логистикалық орталық іске қосылады.

Айта кету керек, қосымша қауіпсіздік шаралары үшін көрме кезінде кинологиялық қызмет те белсенді тартылады. «Төрт аяқты полицейлер» келушілерді тексеру кезінде жарылғыш және есірткі заттарын тінтуге көмектеседі.

Министрліктен хабарлағанындай, көрмеге дайындық барысында қазақстандық құрылымдар Миландағы, Қытайдағы бүкіләлемдік көрмелердің, Сочидегі Қысқы Олимпиада Ойындарының, Түркиядағы ЭКСПО-2016 ботаникалық көрмесінің және Қазандағы Универсиаданың қауіпсіздік сақтаудағы халықаралық тәжірибелерімен танысып қайтты.

Еске сала кетейік, ЭКСПО көрмесі Астанада 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін жалғасады. Оған 2 миллионнан астам адам келеді деп күтілуде. «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбы - Болашақ энергиясы».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге бүкіл әлемнен энерготиімділік, баламалы энергия көздері саласындағы жаңа технологиялар әкелінеді. Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан ЭКСПО мамандандырылған көрмесіне ең көп қатысушы мемлекеттерді тарта білген үздік үш ұйымдастырушылардың қатарына енуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар