«ЭКСПО-2017» көрмесі - еліміз​дің экономикасын еселеп кө​теріп қана қоймай, беделін асыратын қадам - К.Нығмет, БҚО

ОРАЛ. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан​ның жаңа дәуірінің ал​ғаш​қы күні» ат​ты мақаласы қазақ елінің өрлеуі мен өр​кендеуі турасында ой қозғайды.
None
None

Елбасы Н.Назарбаев егемен елдің алғаш құ​рылуы мен қазірге дейін жеткен же​тіс​тіктерін, ішкі және сыртқы саясаттың тұрақтылығын, халықтың әл-ауқатының жақсарғандығын, мемлекетімізді әлемге танытатындай беделіміздің бар екендігі жөнінде атап өтті. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжебай Нығмет мәлім етті.

Оның айтуынша, күрмеуі көп, қиын шақта тыңнан тү​рен салып, өзіне сенім артқан жұртын еш​қандай қантөгіссіз өркениетке бастап, дамыған әлеуетті мемлекеттердің қатарына қоса білген Ел​ба​сымыздың рөлі ерекше. Елбасы - қазақ халқының тағдырына, маңдайына жа​зылған ке​мең​гер тұлға. Қазақстанның бү​гіннің биі​гінен көрінуі, жер жаһанға танылуы дәл осындай саясатты ұстанған ел бас​шысының байыпты бастамаларынан бастау алады.

«Тұңғыш Президентіміз экономиканың даму үрдісін тани білетін және нарық​тық экономикада Қазақстанның орнын айғақтаған саясаткер, көрнекті ғалым екен​​дігін бүкіл әлем мойындап отыр. Со​ның бір дәлелі - жуырда Парижде өткен Халықаралық көрмелер бюросында «ЭКСПО-2017» көрмесі Отанымыз​дың жүрегі - Астана қаласында өтетін болып шешілді. Біле білсек, бұл - біз​дің еліміз​дің экономикасын еселеп кө​теріп қана қоймай, беделін асыратын қадам. Бұл - Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бүкіл дүниежүзіндегі мәр​тебесінің арқа​сы және жас Қазақстан мемлекетіне көр​сетілген зор сенім», деді К.Нығмет.

Соңғы жаңалықтар