11:59, 14 Наурыз 2014 | GMT +5
«ЭКСПО-2017» көрмесiнiң тақырыбы Қазақстанның мәдениетiн де қамтуы тиiс - В. Лоссерталес
АСТАНА. ҚазАқпарат - "ЭКСПО-2017" көрмесi Қазақстанның мәдениетiн көрсетуi тиiс, деп есептейдi Халықаралық көрме бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес.
"Қазақстан павильоны тек баламалы энергия көздерiн игеруге қатысты болмауы керек. Ол сонымен қатар мемлекеттiң тарихын, мәдениетiн, өнерiн ашып көрсеткенi жөн. Қазақстан тек тақырыптық көрмеге айналып кетпес үшiн, бiз осындай мәселелердi енгiзу жөнiнде талқылаулар жүргiземiз", - дедi В. Лоссерталес бүгiн Астанада Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында.
"Қазақстан тек энергия емес, сонымен қатар ол мәдениет, өнер, өткенi мен ертеңi бар ел. Дәл осы павильон арқылы Қазақстанның әлемдегi орны жайында айта бiлуiмiз шарт. Сондықтан жақын уақыттарда Қазақстан павильонының тұжырымдамасын жiтi талқыламақпыз", - дедi ол.