ЭКСПО-қалашықтың басты нысанын салу барысында ерекше жұмсақ шыны қолданылды

«Біз оның сыртын шынымен қаптап болдық десек те болады. Ол шынылардың әрқайсысы 850 келі тартады. Әйнектің өзі ерекше, иілгіш келеді. Бұл технология алғаш рет Қазақстанда, арнайы ЭКСПО үшін қолданылуда», - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар негізгі павильонды салу барысында бірегей металл материалдары қолданылып отыр.
«Осынша көлемде металл құрастырылымдар жеткізіп берген Қарағанды облысына үлкен алғыс айтамыз. Әрине, аталған сфераны салу барысында әлемде теңдесі жоқ технологиялар қолданылды. Сфераның өзі бес қабаттан тұрады, алайда әр қабаты қалыпты бес қабатты ғимараттың биіктігімен пара-пар», - дейді А.Боева.
Айта кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесінің басты нысаны домалақ сфера іспеттес ғимарат болмақ. Онда Қазақстан павильоны орналасады. Оның жалпы аумағы 7 855 шаршы метрді құрайды деп күтілуде.