10:42, 04 Тамыз 2012 | GMT +5
Эквадорлық Карлос Гонгормен жұдырық түйістіруге дайынмын - Әділбек Ниязымбетов
АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында 81 келі салмақ санатында шаршы алаңға шығатын Әділбек Ниязымбетов алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Ол Серік Сәпиев сияқты рейтингінің жоғары болуына байланысты бірінші айналымда жарыс жолына шықпаған еді.
Біздің спортшы бірінші айналымда әзербайжандық Ватан Гусейнлиді небәрі 1-ақ ұпаймен ұтқан Эквадорлық Карлос Гонгормен жұдырық түйістіреді. Бұл ақпаратты Астана қалалық спорт, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі таратты.
Ә.Ниязымбетов өзінің қарсыласының жекпе-жегін жіті бақылап, кездесуге тас-түйін дайын. Ол Астана уақыты бойынша бүгін түнгі сағат 01:30-да басталатын кешкі сессияда 9-шы жұпта шаршы алаңға көтеріледі. Жекпе-жектер шамамен түнгі сағат 3:30-да өтеді.
Осы жұптың жеңімпазы ширек финалға шығып, ирандық Эхсан Роузбахани мен колумбиялық - Джейсон Варелла Монройдың қай жеңгенімен жұдырықтасады.