ЕҚЫҰ-да терроризмге қарсы іс-қимыл заң жобасына сарапшылық бағалау жүргізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі жұмыс тобының отырысында Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі ЕҚЫҰ Бюросының заңнама бойынша кеңесшісі Анна-Лиза Шатела заң жобасы бойынша алдан ала қорытындыны таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Шател өз баяндамасында заң жобасында қарастырылған азаматтарды тіркеу ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту мәселесіне тоқталды.

Кеңесші өз сөзінде ЕҚЫҰ елдерінде тіркеуге тұрғызу мақсаты саяси және азаматтық құқықтарды кепілдік етуге, мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар тіркеуге тұрғызу терроризммен күресте тиімді әдіс еместігін сөз етті.

Оның сөзіне қарағанда, кейбір елдерде тіркеу жүйесін лаңкестікпен күрестің тәсілі ретінде пайдалануға тырысқан. Алайда, бұл бағытта тиісті жетістіктерге қол жеткізе алмаған.

Бұдан бөлек отырыс барысында Адам құқықтары, гуманитарлық құқық және халықаралық бұқаралық құқық жөніндегі тәуелсіз сарапшы Милена Костес те баяндама жасады.

Айта кетейік, ЕҚЫҰ сарапшыларының қорытындысы заң жобасына сарапшылық бағалау жүргізу туралы жұмыс тобының өтінімі аясында әзірленді.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 5 қазанында ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Соңғы жаңалықтар