ЕҚЫҰ елдерінің Сыртқы істер министрлерінің бейресми кеңесі шілденің 16-17-сінде Алматыда өтеді

рыздың 31-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - ЕҚЫҰ елдерінің сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі шілденің 16-17-сінде Алматыда өтеді.
None
None

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Айрықша тапсырмалар жөніндегі Елшісі, Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Ержан Ашықбаев хабарлады.

Дипломаттың атап көрсетуінше, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі ЕҚЫҰ аясындағы саяси ұстанымдарды келісудің, оның ішінде ЕҚЫҰ саммитінің күнтәртібі мен онымен байланысты басқа да мәселелерді талқылаудың маңызды кезегі болады.

Е.Ашықбаев сондай-ақ ЕҚЫҰ елдері Мемлекет басшылары саммитіне қатысу мәселесі және онымен байланысты Алматыда өтетін сыртқы істер министрлерінің бейресми кеңесінің әзірлік мәселелері ЕҚЫҰ-ның Қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың Шығыс Еуропа елдеріне жасап жатқан сапарының аясында түрлі деңгейдегі кездесулердің барысында талқыланып жатқанын айтты.

Атап айтқанда, сейсенбі, наурыздың 30-ы күні Минскіде Беларус Президенті Александр Лукашенкомен болған кездесуде Қанат Саудабаев Астананың бастамасына, оның ішінде ЕҚЫҰ саммитін өткізу туралы Мемлекет басшысының бастамашылығына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан аталмыш форумның жұмысына қатысуға шақыруын табыс етті. Беларустық әріптесі Сергей Мартыновпен болған келіссөз барысында да Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуіне шақыруды табыс етті.

Соңғы жаңалықтар