ЕҚЫҰ-ға төрағалық Қазақстанға Азиядағы және Еуропадағы экономикалық қауіпсіздікті қайта қарауға мүмкіндік береді

;АСТАНА. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Ризуангүл Садықова/ - Қазақстанда ІҮ-ші Азаматтық форумды ойдағыдай өткізу мемлекет пен азаматтық қоғамның ынтымақтастығындағы үлкен әлеуетті және прогресті көрсетті. Біздің балаларға арналған ҮЕҰ оңтүстіказиялық альянсы Азаматтық форумның тәжірибесі
None
None

әділеттілік пен тұрақтылыққа негізделген дамудың өзекжарды мәселелерін шешуге, жаңа білім алуға мүмкіндік береді деп бағалайды. Үнді делегациясының басшысы балаларға арналған ҮЕҰ оңтүстіказиялық альянсының төрайымы Рәзия Сұлтан Исмайыл осындай пікір білдірді.

- Қазақстанның ІҮ Азаматтық форумына қатысуға неліктен шешім қабылдадыңыз? Өзіңіздің делегацияңыз туралы айтып беріңізші

- Ең алдымен Қазақстанның Үндістандағы Елшілігіне және Мәдениет министрлігіне алғыс айтқым келеді. Олар маған және менің әріптестеріме Қазақстанның ІҮ-ші Азаматтық форумына қатысуыма ұсыныс жасады. Біз осындай үйрену және тәжірибе бөлісуге жасалған мүмкіндіктерді құптаймыз. Мұндай жинақталған тәжірибе біздің жұмысымызға пайдалы болатынына сенімдіміз. Біздің бір-бірімізбен араласуымыз және өзара іс-қимылымыз нығая беретіндігіне үміттенеміз.

Үндістан делегациясының құрамында үш адам бар. Аванти Мехта Үндістанның ұлттық үкіметтік емес ұйымы - Экологиялық зерттеулер мен білім орталығының өкілі болып табылады. Бұл ұйым экологиялық білім беруге маманданған.

Орталық басқа да үкіметтік емес ұйымдарды, Азияның бүкіл аумағында экологиялық білім жөніндегі бірлескен жобаларға оқытушылар мен студенттерді тартады.

Бұдан бөлек, ол ұйым ретінде қоршаған ортаны қорғаумен және экологиялық білім беруді дамытумен айналысады. Бұл Орталық Қазақстанның азаматтық қоғамымен ақпараттар және идеялар алмасуды ұсынады.  Климаттың өзгеруі - бұл кезек күттірмейтін ғаламдық проблема. Оны тек Үкіметтік деңгейде ғана емес, сондай-ақ бүкіл қоғамның күш-қуатымен шешу қажет, осы орайда, ІҮ Азаматтық форум осы мәселені шешудегі сияқты, одан әрі дамуға кедергі болатын басқа да экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі идеялармен және стратегиялармен алмасуға мүмкіндік береді.

Біздің келесі бір делегатымыз - Джанаки Раджан. Ол Үндістанның ең таңдаулы университеттерінің бірі «Джамия Милия Исламияның»  профессоры. Ол білім, гендер, тұрақты даму, сондай-ақ өнер, әдебиет, мәдени мұра және бітімгершілік қызметтері мәселесімен айналысатын оңтүстіказиялық әйелдер ұйымының бастамашысы болып табылады. Бұл ұйым өзінің қанатын кеңге жаймақшы және Қазақстан Еуразия құрылығындағы оның алғашқы мүшесі болады деп үміттенеді.  Ынтымақтастыққа барлық мүдделі университеттер, мектептер, ҮЕҰ және зерттеу институттары шақырылады. Мен тұрақты даму және Азиялық диалог саласында жұмыс істеймін. Сондай-ақ, Трансазиялық альянстің өкілімін, БҰҰ қоғамдық ақпараттар департаментінің ҮЕҰ бөлімінде Атқарушы комитеттің төрайымы, адам құқы үшін күрескер болып табыламын. Трансазиялық альянс  Үндістан мен Қазақстан арасында тәжірибе алмасуды ұйымдастыру жөніндегі өз қызметін ұсынады. Сондай-ақ, қазақстандық ҮЕҰ-мен азаматтық қоғам ұйымдарын оған қатысушылар болуға шақырады. Бұл Азия елдері арасында ақпараттар және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Азаматтық форумды ойдағыдай өткізу мемлекет пен азаматтық қоғамның елді дамытудағы бірлескен іс-қимылындағы  табыстары мен әлеуетін қуаттайды. Альянс ақпарат алмасу және ынтымақтастықты қалыптастыру мен дамыту жөніндегі халықаралық жалпыазиялық ұйым бола отырып, бұл Форумның тәжірибесін жоғары бағалайды. Әділеттілік пен тұрақтылыққа негізделген дамудың өзекжарды мәселелерін қараудың маңызды тұтқасы деп біледі.

- Қазақстанның алдағы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы тұрғысынан Сіз ҮЕҰ қызметіне қандай баға бересіз?

-Біз бұл қадамды құптаймыз және барлық халықтар үшін жақсы өмірсүруге жағдай жасау жөніндегі Азиялық қоғамдастықтың ұмтылысына және халықаралық даму процесіне айтарлықтай үлес қосады деп үміттенеміз. Азаматтық форум өткізу жөніндегі бастамашылық - әлеуметтік дамуға қосылған тамаша үлес. Қазақстанның тәжірибесі дамыған, сондай-ақ дамып келе жатқан елдер үшін көптеген үлгі ұсына алады.

Қазақстандық ҮЕҰ қоғамдық форумдарда ұлттық және ғалами сипаттағы мәселелерді көтере алатындығына сенеміз. Бұл қысқа - 10 жыл ішінде айтарлықтай қол жеткен табыс.

Біз ЕҚЫҰ-ға төрағалықты Қазақстан үшін Азиядағы және Еуропадағы экономикалық қауіпсіздікті қайта қараудың бірегей мүмкіндігі деп білеміз. Біз бұл мәселе қазақстандық ҮЕҰ үшін жаңа мүмкіндіктер ашатындығына үміттенеміз.

-Соңғы оншақты жылда халықаралық қоғамдастық кедейшілікпен күрес жолында айтарлықтай табысқа жетпегені туралы Сіздің пікіріңіз қандай? Сіз Қазақстан және тұтастай алғанда Орталық Азияның үкіметтік емес ұйымдарының күн тәртібінен қандайда бір ерекшелікті байқадыңыз ба?

-Кедейшілікпен күрес редистрибутивті әлеуметтік және экономикалық әділеттілікті талап етеді. Ол әлемдегі жалпы ахуалды кең көлемде көрумен байланысты. Күні бүгінге дейін мұндай әрекет болған емес.

Азияның жүрегінде орналасқан және тәуелсіз, зайырлы мемлекет ретінде алға қадам басып отырған Қазақстан ХХІ ғасыр ұлтының мысалы бола алады. Ел басшылығы мен азаматтары осы көзқарасты ұстанулары тиіс.

Біз өзара іс-қимылдың әртүрлі салаларына тартылған үнділік үкіметтік емес ұйымдардың тәжірибелі және алдыңғы күнді болжай білетін өкілдерінің қатысуымен Азаматтық форумға өз үлесімізді қосуға қуаныштымыз. Біз білім беру, экология, сондай-ақ бейбітшілікті сақтау, лайықты өмір үшін диалогтің негізгі мәселелері бойынша өзара ынтымақтастыққа және пікір алмасуға үміттенеміз. Азаматтық форум ұсынған пікір және білім алмасу тұғырнамасы болашақ ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер жасайтындығына сенімдіміз.

- Еуропа мен Азияның түйіскен тұсында барынша тез дамып келе жатқан мемлекеттің бірі  ретінде Қазақстанға үлкен ықылас аударылып отыр. Елден алған әсеріңіз қандай. Біздің салт-дәстүрімізді, адами құндылықтарымызды және ұлысаралық қарым-қатынасымызды қалай бағалайсыз?

- Орталық Азияда экономикалық лидер ретінде қазіргі Қазақстанның пайда болуы және Президент Назарбаевтың бейбіт және кең ауқымды саясатындағы оның ұлттық идеясының жарқын көрінісі ұлт құраудың айтарлықтай дәлелі болып табылады.

Бізге Президенттік мәдени орталығы мұражайындағы ежелгі Қазақстанның мұралары өте ұнады. Біз ІҮ Азаматтық форумға ризалықпен қатыстық және опера театрында патриоттық «Атамекен»  әнін бәріміз бірге орындадық. Біздің делегация Қазақстан рухымен және оның халқымен танысуға деген мұндай мүмкіндікті аса жоғары бағалайды. Сіздерге барынша табыс тілейміз.

-Сұхбатыңызға рахмет.

Соңғы жаңалықтар