ЕҚЫҰ мен БҰҰ өзара іс-қимылы - Қ.Саудабаев пен С.Орджоникизденің кездесуіндегі басты мәселе
деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
С.Орджоникидзе БҰҰ жұмысына, соның ішінде қарусыздану, өркениеттер диалогы, аймақтық ынтымақтастық және экологияны қорғау сияқты салаларға белсене қатысып отырғаны үшін Қазақстанға алғысын білдірді.
Қазақстанды ЕҚЫҰ төрағалығымен құттықтай келіп, С.Орджоникидзе: «бұл үлкен және жауапты іс, Қазақстанның беделі үшін маңызды», деп мәлімдеді және осы миссияны ойдағыдай жүзеге асыратынына сенімін білдірді. Қ.Саудабаев пен С.Орджоникидзе қазақстандық төрағалық кезеңіндегі ЕҚЫҰ мен БҰҰ-ның өзара іс-қимылының перспективаларын талқылады. ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі сондай-ақ С.Орджоникидзені Астанада жоғары деңгейде өтетін төзімділік пен кемсітпеушілік мәселелеріне арналғалы отырған ЕҚЫҰ Конференциясына қатысуға шақырды.
Сұхбаттасушылар халықаралық деңгейде ядролық қарусыздану үдерісінің жай-күйін және перспективаларын Женевадағы қарусыздандыру жөніндегі конферения жұмысы және мамырда Нью-Йоркте өтетін Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шарт бойынша шолу конференциясының тұрғысында талқылады. Ядролық қарусыздану саласында нақты ілгерілеушілікке қол жеткізу үшін барлық елдердің күш-жігерін топтастыруды одан әрі жалғастырудың маңызы атап өтілді.