ЕҚЫҰ мұсылмандарға қатысты кемсітушілікпен күрес жөніндегі Жеке өкіл Әділ Ахметов Әзірбайжанда болды

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының депутаты, ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының мұсылмандарға қатысты кемсітушілікпен күрес жөніндегі Жеке өкілі Әділ Ахметов Әзірбайжан елі бойынша сапарда болды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Аталған республикада болған сапарында  сенатор Әділ Ахметов Әзірбайжанның мемлекеттік органдары мен діни қауымдардың өкілдерімен кездесті. Әзірбайжанның Милли Мәжілісі төрағасының орынбасары, ЕҚЫҰ ПА әзірбайжандық делегациясының жетекшісі Бахар Мурадовамен кездесу барысында Ә.Ахметов Әзірбайжанның діни қауымдар арасындағы келісім мен өзара түсіністікті қамтамасыз етудегі күш-жігерін жоғары бағалады.

Тараптар ЕҚЫҰ кеңістігіндегі бейбітшілік пен келісімді сақтаудың, кемсітушілікті болдырмаудың маңыздылығын атап өтті. Сапар қорытындысы ЕҚЫҰ-ның Венадағы Тұрақты Кеңесінің отырысында жария етіледі.

«Сенатор Ә.Ахметовтен басқа, ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасының: антисемитизммен күрес жөніндегі Жеке өкілі - раввин Э.Бэйкер, нәсілшілдікпен, христиандарға қатысты жатсыну, төзбеушілік және кемсітушілікпен күрес жөніндегі Жеке өкілі - судья К.МакГиннесс те Әзірбайжанда сапармен болды» деп хабарлайды баспасөз қызметі.

 

 

Соңғы жаңалықтар