ЕҚЫҰ-ның адам өлшемі жөніндегі Консультативтік кеңестің алғашқы отырысы өтуде

nbsp;Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде ЕҚЫҰ-ның адам өлшемі жөніндегі Консультативтік кеңестің бірінші отырысы өтуде.
None
None

СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мәдина Жарбосынова жетекшілік ететін аталған Кеңес ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Консультативтік кеңестің негізгі міндеті Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезеңі барысында адам өлшемі аясындағы мәселелерді кеңінен талқылау болып табылады. Кеңестің құрамына мемлекеттік органдар тарапынан ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Конституциялық Кеңесінің, Бас прокуратура мен Жоғарғы Соттың, ҚР Орталық сайлау комиссиясының, СІМ-нің өкілдері, сондай-ақ қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар мүшелері, атап айтқанда «Адам құқығы хартиясы» Қоғамдық қорының, Алматы Хельсинкий комитетінің, «Әділ сөз» қорының, «Бас редакторлар клубы» қоғамының мүшелері және тағы басқалары еніп отыр. Бұдан бөлек кеңестің жұмысына гуманитарлық мәселелер жөніндегі шараларға маманданған Ұлыбритания, АҚШ, Эстония, Германия, Нидерланды елдерінің беделді сарапшылары атсалысуда.

Консультативтік кеңестің алғашқы отырысының күн тәртібіне ЕҚЫҰ-ға төрағалық барысындағы қазақстандық басымдықтар, сондай-ақ гуманитарлық өлшемдерге қатысты жоспарланған іс-шаралар жайы шығарылып отыр. Атап айтқанда, жиынға қатысушылар «Гендерлік теңдікті дамыту және әйелдердің қоғамдық, саяси өмірге араласуы» атты алғашқы қосымша кеңес өткізу мәселесін, «Дін мен ар бостандығы» атты үшінші қосымша кеңестің жұмысын, сондай-ақ бірқатар осы секілді шараларды талқылайтын болады.

Сонымен бірге, Консультативтік Кеңес аясында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің ұлттық баяндамасы, оның ішінде 2010 жылға Қазақстанға қатысты 26 ұсынымы талқыланады деп жоспарлануда.

Жалпы, сарапшылардың пікірінше бұндай форматта Консультативтік кеңес құру Қазақстанның азаматтық қоғам институттарымен, халықаралық қауымдастықпен ашық диалогқа барынша мән беріп отырғандығының бірден бір көрінісі болып отыр.

Соңғы жаңалықтар