ЕҚЫҰ-ның бұрынғы төрағасы А. Ажубалис сенатор Ә. Ахметовке мұсылмандарға қатысты төзбеушілік пен кемсітушілікке қарсы күрестегі ісіне орай ризашылығын білдірді

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат -ЕҚЫҰ-ның бұрынғы төрағасы Аудронюс Ажубалис Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әділ Ахметовке мұсылмандарға қатысты төзбеушілік пен кемсітушілікке қарсы күрестегі ісіне орай ризашылығын білдірді. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

  А.Ажубалистің айтуынша, мұсылмандарға қатысты төзбеушілік пен кемсітушілікке қарсы күрес 2011 жылы ЕҚЫҰ-ға Литва Төрағалығы барысында негізгі басымдықтардың қатарында болды. Ол сондай-ақ Төрағаның Жеке өкілі ретінде Ә.Ахметовтің ЕҚЫҰ-ға қатысушы бірқатар мемлекеттерге сапармен барғанын және 2011 жылғы 28 қазандағы Венадағы мұсылмандарға қатысты төзбеушілік пен кемсітушілікке қарсы күрес мәселелері жөніндегі Конференция өткізуге үлес қосқанын атап өтті. «Төрағалықтың күн тәртібін сенатор адами өлшемдер туралы өте құнды мәселемен толықтырды» деп атап өтті А. Ажубалис.

Соңғы жаңалықтар