ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Қанат Саудабаев Киевте украиналық саясаткерлермен кездесу өткізеді
сәрсенбі, наурыздың 31-і күні Украина елордасында елдің және үкіметтің басшыларымен, басқа да саяси қайраткерлермен кездеседі.
Қанат Саудабаевтың сапар бағдарламасында Украина президенті Виктор Януковичпен, Жоғарғы Рада спикері Владимир Литвиновпен, ел премьер-министрі Николай Азаровпен кездесулер жоспарланған. Қ.Саудабаев сондай-ақ украиналық әріптесі - Сыртқы істер министрі Константин Грищенкомен де кездеседі.
Сапар аясында сонымен бірге саяси партиялардың өкілдерімен де кездесу болады.
Естеріңізге сала кетейік, Қанат Саудабаевтың сапары дүйсенбі күні Беларус елінен басталды. Сейсенбі күні ол ел басшылығымен, үкімет және парламент жетекшілерімен, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың өкілдерімен, сондай-ақ Минскідегі ЕҚЫҰ кеңсесінің қызметкерлерімен кездесті.