ЕҚЫҰ-ның Қазіргі төрағасы Қанат Саудабаев Молдовада ел және үкімет басшыларымен кездесті

ИШИНЭУ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - ЕҚЫҰ-ның Қазіргі төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы -Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Кишинэуде ел Президентінің міндетін атқарушы,
None
None

Молдова Парламентінің спикері Михай Гимпумен кездесті, сондай-ақ ел премьер-министрі Влад Филатпен келіссөз жүргізді.

Қанат Саудабаев пен Михай Гимпудың кездесуі хаттамамен белгіленген уақыттан ұзақтау өтті. Онда Молдованың ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығы, сондай-ақ Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынасты дамытумен байланысты мәселелер талқыланды.

Айрықша тапсырмалар жөніндегі елші - ЕҚЫҰ Қазіргі төрағасының арнайы өкілі Болат Нұрғалиевтің айтуынша, Қанат Саудабаев пен Молдова премьері Влад Филаттың шағын және кеңейтілген құрамда болған келіссөздерінде тараптар, сауда-экономикалық кешен бойынша түрлі мәселелердің қордаланып қалғаны туралы ортақ пікірге келді. Қазақстанда Молдова компаниялары үшін перспективалық бағыттар және қазақстандық бизнес үшін аграрлық салада мүмкіндіктер мол. Игерілмеген әлеуетті ескере отырып, екі елдің премьер-министрлері деңгейінде кездесу өткізудің қажеттілігі туындағаны айтылды. Сондықтан да Влад Филат ағымдағы жылы Қазақстанға жұмыс сапарымен баратын болды.

Келіссөзде қозғалған негізгі мәселелердің бірі - Днестр бойы проблемасын талқылау болды. Молдова саясаткерлері Тираспольмен диалогқа әзірліктерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар