ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясында Қазақстан мен Ресейдің ұстанымдары ортақ - Қ.Тоқаев

деп мәлім етті дүйсенбі күні ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде ресейлік әріптесі Сергей Мироновпен болған кездесуде.
Кездесу барысында тараптар стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастар деңгейіндегі қазақстан-ресей ынтымақтастығының табысты дамуын қанағаттанарлықпен атап өтті және палата комитеттері мен депутаттық топтардың арасындағы қарым-қатынастардың нығая түскенін атап көрсетті.
Тараптар сондай-ақ, халықаралық ұйымдардағы ынтымақтастықтың, ЕҚЫҰ аясындағы аймақтық ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдардың қарқынын арттыру мәселелері бойынша ашық пікірлер алмасты. Қ.Тоқаев сондай-ақ, 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағалығына Қазақстанның кандидатурасына қолдау көрсеткені үшін ресейлік тарапқа алғыс айтты.
«Біз ТМД Парламентаралық ассамблеясы, ҰҚШҰ және ЕурАзЭҚ Парламенттік Ассамблеясы сияқты ықпалдастық бірлестіктерде белсенді өзара әрекет етудеміз. Сондай-ақ біз ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы сияқты маңызды ұйымда да жұмыла әрекет етудеміз», деп атап көрсетті Қ.Тоқаев өз сөзінде.
С.Миронов өз кезегінде, Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы роліне ерекше тоқталып, Қазақстанның алдағы ЕҚЫҰ-ға төрағалығына жоғары баға берді. Федерациялар Кеңесінің төрағасы сондай-ақ, ТМД аясындағы өзара іс-қимылдардың динамикасына да оң баға берді.