ЕҚЫҰ саммиті елімізге жаңа инвестициялар тартуға да септігін тигізеді- Премьер-министр

аурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ЕҚЫҰ саммиті елімізге жаңа инвестициялар тартуға да септігін тигізеді.
None
None

Бүгін «Нұр Отан» ХДП фракциясының кеңейтілген отырысында фракция мүшелерінің сауалына жауап беру барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі - бұл әлемнің Қазақстанды мойындауын білдіреді. Сонымен бірге, бұны Мемлекет басшысының беделін де әлемнің мойындауы деп білеміз. Менің ойымша, бүгінгі күні көп жерлерде Қазақстанның төрағалығы туралы әңгіме, елімізде өткізу жоспарланған саммит туралы мәселе көтеріліп жатыр. Сондықтан бұл бағыттағы шаралардың барлығын қаржылық қамтамасыз етуге, жоғары деңгейде ұйымдастыруға тиіспіз. Шынында да бұлардың баршасы әлемнің назарында болатын маңызды саяси шаралар болып табылады әрі осы арқылы елімізге жаңадан шетелдік инвестициялар құйылады деп ойлаймын», деді К. Мәсімов.

Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Үкімет басшысының сөзін толықтыра келе, бұл бағытта тиісті бюджеттік қаржылық қамтулар орын алатынын атап өтті. «Ішкі саяси тұрақтылық және халықаралық қатынастарды дамытуды қолдауға арналған шығыстар бюджетте 16 млрд. теңге сомасында қарастырылған. Бұған ЕҚЫҰ саммитін өткізу, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ шаралары да қамтылады», деді О. Мұхамеджанов.

Соңғы жаңалықтар