ЕҚЫҰ Саммиті қарсаңында елордалық полицейлер күшейтілген қызмет режиміне ауыстырылды - ІІМ

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - ЕҚЫҰ Саммитінің қарсаңында елордалық полицейлер күшейтілген қызмет режиміне ауыстырылды. Бұл туралы сәрсенбі күні брифингте Ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, қазір саяжай массивтерінде, базарлар мен адамдар көп жиналатын басқа да орындарда тексерулер жүріп жатыр. Қаладағы көші-қон үдерістері қатаң бақылауға алынды. Бүгінгі таңда заңмен проблемалары бар 500-ден астам шетелдік азамат елордадан шығарылды.

«Арнайы есептерде тұрған тұлғалар тексеріліп, саммит өтетін күндері олардың болатын жерлері нақтылануда. Әсіресе, атыс қарулары бар азаматтарға жіті назар аударылуда», деп атап көрсетті Қ.Жұманов өз сөзінде.

«Жол полициясы қызметкерлері апта сайын жедел- алдын алу шараларын өткізіп тұрады. Шараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалаға кіреберістердің бәрін 6 блокпостпен жабу, жол полициясының барлық қызметкерлерін заманауи техникалармен және арнайы жабдықтармен жарақтау да жоспарлануда», деп хабарлады ведомство өкілі.

Саммит өтетін күндері Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарының ішкі істер органдарынан 2,5 мыңдай қызметкер елордалық сақшыларға көмекке келеді.

Соңғы жаңалықтар