ЕҚЫҰ саммиті және басқа да халықаралық форумдар«адамзат баласы келешекте қалай дамуы керек» деген сұраққа жауап беруі тиіс
Ол бұл пікірін Астанада өтіп жатқан Тынық мұхиты аймағы елдері Қоршаған ортаны қорғау және даму министрлерінің 6-шы конференциясында айтты.
«Осы жылғы желтоқсанның басында Қазақстан тағы бір маңызды форумды - ЕҚЫҰ-ның саммитін қабылдайды. Ал келесі жылдың ішінде Еуропаның қоршаған орта жөніндегі конференциясын өткізеді. Мұнда қаралатын негізгі мәселелердің бірі - қоршаған орта саласындағы ғана емес, сонымен бірге одан да кең ауқымдағы Еуро-Азиялық ынтымақтастығы мәселесі. Осыған байланысты ЕҚЫҰ-ның саммитін, сондай-ақ 2012 жылы Бразилияда өтетін орнықты даму жөніндегі Мемлекет басшыларының саммитін қосқандағы жоғары деңгейдегі басқа да конференциялар жаһандық қыр көрсетулерге жауап іздейтін болады. Бұл форумдардың барлығы адамзат баласы келешекте қалай дамуы керек, болашақтағы экономикалық базалық негізді, жер шарындағы өмірді шайқалтпай орнықты дамуға қалай қол жеткіземіз деген сұрақтарға жауап беруі тиіс», деді Премьер-Министр.
Осы орайда Үкімет басшысы Азия-Тынық мұхиты елдері қоршаған ортаны қорғау және даму министрлерінің осы форумы орнықты даму және біздің планетамызды қорғау мақсатындағы ынтымақтастық пен ықпалдастыққа айтарлық үлес қосатындығына сенім білдірді.