ЕҚЫҰ Саммитіне қалған 100 күнде Астанадағы тарихи кездесу жоғары деңгейде өтуі үшін көп жұмыс істеуіміз қажет - Қ.Саудабаев

СТАНА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат - Бүгін ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, Мемлекеттік хатшы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев «Астанада желтоқсанның 1-2-сі күндері ЕҚЫҰ 56 қатысушы-мемлекеттері көшбасшыларының кездесуі бүгінде біздің алдымызда тұрған қатерлер мен қауіптерге лайықты жауап қайтарудың бірегей мүмкіндігін ұсынып отыр» деп мәлімдеді.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 11 жылдық үзілістен кейін алғаш рет шақырылып отырған Астана саммиті біздің елдеріміз бен олардың саяси көшбасшыларының ЕҚЫҰ негізге алған жалпыға бірдей қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету ұстанымдары 21-ғасырдың басында да сондай өзекті және қажет екендігін әлемге көрсетудің бірегей мүмкіндігі. ЕҚЫҰ Саммитіне қалған 100 күнде Астанадағы тарихи кездесу жоғары мазмұнды және ұйымдпастыру деңгейінде өтуі және ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттерінің көшбасшылары Ванкуверден Владивостокқа дейін «қауіпсіздік кеңістігі» тұжырымынан «қауіпсіздік қоғамдастығына» көшуді бастауы, біздің ортақ ұйымымызды одан әрі нығайту және жаңарту үшін көп жұмыс істеуіміз қажет". - деп атап өтті Қ.Саудабаев.

ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттер басшыларының соңғы саммиті 1999 жылы Ыстамбұлда өткен болатын. Алматы түбінде биылғы шілде айының ортасында өткізілген Ұйым елдері сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінде қол жеткізілген келісім қорытындылары бойынша тамыздың 3-і күні биылғы жылы Ұйым саммитін өткізу туралы шешім қабылданды. Бұның алдындағы саммиттер 1975 жылы Хельсинкиде, 1990 жылы Парижде, 1992 жылы Хельсинкийде, 1994 жылы Будапеште, 1996 жылы Лиссабонда 1999 жылы Ыстамбұлда өткен.

Саммит алдында қыркүйектің 30-ында Варшавада, Вена мен Астанада шолу мәслихаттары басталады.

Соңғы жаңалықтар