ЕҚЫҰ - теңдік базасы мен кооперативтік қауіпсіздік рухында үздіксіз өзгеріп отыратын ширақ жоба - Марк Перрен де Бришамбо
Бұрындары хабарланғандай, Польшаның астанасында қыркүйектің 30-ында адами өлшем саласындағы көкейкесті мәселелерді қарастыратын ЕҚЫҰ Шолу конференциясының бірінші сегментінің ашылуы болды.
ЕҚЫҰ Бас хатшысының ойынша, «Ұйымның қызметінің табысты өтуі әр қатысушы мемлекеттің осында тартылуы мен саяси еркіне тікелей тәуелді», деп хабарлайды Польшадағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі.
Конференцияны ұйымдастырушылардың бірі ретінде сөз алған Польшаның Сыртқы істер вице-министрі Гражына Бернатович атап өткендей, «Варшава конференциясы барысында қолға алынар және жүзеге асырылар жұмыстар Астанадағы саммиттің мемлекеттер арасындағы өзара түсіністік пен сенімнің қалыптасу процесіне өз үлесін қосып, Ұйымның беріктігн қалыптастырып, оның қызметіне жаңа күш-қуат береді».
Жылдың басты оқиғаларының бірі - ЕҚЫҰ саммиті алда екеніне қарамастан, ЕҚЫҰ көптеген өкілдері ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның төрағалық етуіне оң баға беріп отыр. Мәселен, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының президенті Петрус Эфтиниос атап өткендей, «Астанадағы саммит Қазақстанның төрағалығының табысты да жемісті қорытынды аккорды болмақ».
М.П.де Бришамбоның ойынша, «Орталық Азияда алғаш рет өткізілетін Астана саммиті еуроатлантикалық және еуроазиялық қауіпсіздіктің бірегей мінезін көрсетпек».
ДИАҚБ директоры Янеш Ленарчич атап өтіп отырғандай, «Астана саммиті тек осы жылдың басты оқиғасы болып қалмай, бүткіл 21-інші ғасырдың алғашқы онжылдығының атаулы күні болмақ».