ЕҚЫҰ төзімділік пен кемсітпеушілікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның қызметін белсенді қолдайтын болады - ЕҚЫҰ Бас хатшысы

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы төзімділік пен кемсітпеушілікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның қызметін белсенді қолдайтын болады. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының үшінші съезінің пленарлық мәжілісінде ЕҚЫҰ  Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо мәлімдеді,
None
None


деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің барлығымыз Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға  төрағалық жасайтынын  күтудеміз. ЕҚЫҰ-ның барлық актілері кемсітушілік пен төзімсіздікке қарсы күресте күш- жігерді жұмылдыруда өте сенімді тұғырнама болып табылады. Қазіргі заманда мәдениеттераралық және діндераралық диалогтар өте қажет. Діндер басшыларының осы съезі Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасайтынының алдындағы өте жақсы дайындық жұмысы болып табылады.  Діндер басшыларының съезі осы дайындық жұмысына елеулі үлес қосуда. Біз төзімділік пен кемсітпеушілікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның қызметін белсенді қолдайтын боламыз», деді пленарлық отырыста ЕҚЫҰ- ның Бас хатшысы.

Соңғы жаңалықтар