ЕҚЫҰ Жеке өкілі сенатор Әділ Ахметов Арменияда болды

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының депутаты, ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының мұсылмандарға қатысты кемсітушілікпен күрес жөніндегі Жеке өкілі ретінде Әділ Ахметов Армения елі бойынша сапарда болды.
None
None

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Сапар барысында сенатор Әділ Ахметов Арменияның мемлекеттік органдарының өкілдерімен кездесті. Тараптардың пікірінше, нәсілшілдікке, жатсыну мен төзбеушілікке қарсы күрес ЕҚЫҰ және оның институттарының негізгі басымдықтарының қатарында болуы тиіс. Жүздесушілер сондай-ақ ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің осы саладағы заңнама мен құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру жайында айтты.

Соңғы жаңалықтар