Ел аумағындағы 779 базардың 60-сы - Алматыда

АЛМАТЫ. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Республикада жұмыс жасап тұрған 779 базардың 60-сы Алматыда орналасқан.
None
None

 Бұл жайлы Алматыда өткен «Көлеңкелі экономика және көшедегі базар: мүмкіндіктері мен әлеуметтік-саяси және экономикалық тәуекелдері» деп аталатын конференцияда айтылды.

«Алматыдағы базарларда жеке кәсіпкер ретінде 10 961 адам жұмыс жасайды. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап базар аумағында жұмыс жасайтын кәсіпкерлік субъектілері  салық жинаудың жаңа жүйесіне көшеді», - дейді қалалық Салық комитетінің Жеке тұлғалардың әкімшілік басқармасының бөлім бастығы Еркін Әли. Оның айтуынша, 2011 жылғы құжаттау рәсімінің қорытындысына қарағанда қала базарларында 20 001 сауда орны бар. Оның 11 508-і - контейнер,  5242-сі - сатушы сөрелері, 3701-і - стационарлық сауда орындары. Оларда бір реттік талонмен жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлер - 3895. Салық департаментінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген бір реттік талонмен жұмыс жасайтын 400,5 мың жеке кәсіпкердің 2500-і ғана белсенді жұмыс жасайды.

Соңғы жаңалықтар