Ел аумағындағы өрт салдарынан екі адам зардап шекті
Тілсіз жау сағат 20-лар шамасында ауыздықталды. Өртті жоюға ҚР ТЖМ Жамбыл облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 10 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Жалын аумағы 50 шаршы метрді шарпыды.
Оқиға салдарынан иіс тиіп уланған 1975 жылы туған азамат А.Бекетаев ауруханаға жатқызылды. Өрттен тағы екі адам құтқарылып, төрт адам сыртқа шығарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ Петропавл қаласындағы «Фирма МГК» ЖШС тиесілі қоғамдық моншаның қазандығы жарылған. Жарылыстың күштілігі салдарынан қазандық Восточная көшесіндегі жекеменшік тұрғын үйдің шатырына келіп түскен. Нәтижесінде аумағы 100 шаршы метр монша шатыры мен жекеменшік тұрғын үйдің аумағы 40 шаршы метрді құрайтын шатыры мен қабырғалары зақымданған.
Оқиға орнынан денесін күйік шалған монша жағушы 1986 жылы туған азамат А.Гамов ауруханаға жеткізілді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң ол үйіне жіберілді.