Ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, күн күркірейді, батыста - аптап ыстық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын, найзағай, желдің күшеюі күтіледі.
None
None

Қазгидрометтің хабарлауынша, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, желдің күшеюі 15-20 м/с жетуі ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ түсуі мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз кей жерлерінде күн күркіреп,найзағай ойнайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі, шаңды дауыл болады.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай ойнауы ықтимал. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысының кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі.

Соңғы жаңалықтар