Ел чемпионы атанған қызылордалық гандболшы қыздарға құрмет көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Кеше "Еуразия" спорт кешенінде облыс әкімі Болатбек Қуандықов еліміздің 17-ші чемпионатының жеңімпазы "Сейхун-КАМ-ҚМУ" гандбол командасын ерен жеңісімен құттықтады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қызылорда әйелдер гандболының тарихы 35 жылдың өрмегін өреді екен. Олар осы аралықта ТМД мемлекеттері мен Азия құрлығы, сондай-ақ әлемдік деңгейде өз шеберліктерін таныта білді. 1994 жылы Қазақстанда бірден-бір кәсіпқой гандбол клубы болып құрылған "Сейхун ҚМУ" кейін "Сейхун-ҚАМ-ҚМУ" болып жасақталып, қазір дайындық тобын қосқанда команда құрамында 42 ойыншы өнер көрсетеді. Жерлестеріміз еліміз чемпионатында 13 рет күміс жүлдегер болса, 4 рет алтыннан алқа тақты. Чемпион қыздарға құрмет көрсету шарасында "ҚАМ" ЖШС бас директоры Канг Кифа мырза команда ойыншыларына қаржылай марапат жасаса, ҚМУ ректоры Байзақ Момынбаев ескерткіш сыйлық тапсырды. Команда капитаны Ольга Егунова мен бас бапкер, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вячеслав Ким үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан облыс басшылығына алғыс сезімін білдірді.
Соңғы жаңалықтар