Ел игілігіне үлес қосқан таланттар ілтипат пен құрметке әбден лайық - Н. Назарбаев

  АЛМАТЫ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат  /Ерлік Ержанұлы/ - Рухы берік, тынысы ояу, мәдениеті озық, әдебиеті мен өнері өрелі елдің төрт құбыласы түгел болады.
None
None

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында әдебиет пен өнер қайраткерлеріне Президенттік және Мемлекеттік стипендияларды тапсыру рәсімінде осылай мәлім етті.

ҚР Президентінің айтуынша, елімізде білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласына айырықша көңіл бөліп отыр. Мемлекеттен қомақты қаржы бөлініп, бағдарламалар қабылдануда. Елде жаңа театрлар, кітапханалар мен мәдениет үйлері салынуда. Мәселен, соңғы 10 жылда мәдениетке мемлекеттен бөлінетін шығындар 11 есе өсті. Сондай-ақ, жаңадан 18 театр, 220 мұражай, 870 кітапхана ашылып, көптеген оркестрлер құрылды.

«Бүгін стипендия алғандардың қатарында жастар да бар. Біз шығармашыл жастарды рухани қолдап, қамқорлық жасап келеміз. Араларымызда абыздық жасқа жеткен ақсақалдар да бар. Қазақта «Бас алқамыз бар болса, жанған отқа күймейсің» деген аталы сөз бар»,- деді Н. Әбішұлы.

Жалпы, Президент стипендиясы мәдениет, білім және әлеуметтік бағдарламаларды қолдау қоры желісі бойынша 2005 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын беріледі. Ал, Мемлекеттік стипендия Қазақстанның құрметті атақтары мен мемлекеттік марапататтарына ие болған шығармашылық және мәдениет өкілдеріне, сондай-ақ Қазақстан мәдениетін сақтауға және дамытуға дарынды шығармашылық жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын 50 адамға беріледі.  Биыл да Президенттік және Мемлекеттік сыйлыққа 100 адам ие болып отыр. Президенттік стипендия иегерлерінің қатарында Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Асанәлі Әшімов, Шерхан Мұртаза бар. Ал, Мемлекеттік стипендияттардың ішіне Нүркен Әшіров, Әмір Дүйсенғалиев, Тайыр Гатауов, Данияр Саламат сияқты шығармашылық өкілдері енген.

Соңғы жаңалықтар