08:01, 30 Шілде 2012 | GMT +5
Ел өңірлерінде суға кеткен 7 адамның мәйіті табылды
АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Республиканың өңірлерінде 7 адам суға кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабалады.

Қапшағай су қоймасында суға түсу кезінде 34 және 44 жастардағы 2 ер адам батып кетті. ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің күшімен (3 адам мен 1 техника) олардың мәйіттері іздестірілуде.
Сол жерде сағат 19.40-та шомылу кезінде 20 және 22 жастардағы 2 жас жігіт пен 46 жастағы ер адам батып кетті.
Алакөл көліне суға түскен 22 жасар жігіт батып кетті. ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің күшімен (4 адам мен 1 техника) сағат 15.15-те оның мәйіті судан шығарылды.
ШҚО-ның Веселовский бөгетіне суға түсу кезінде 42 жастағы ер адам батып кетті. ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің күшімен (3 адам мен 1 техника) оның мәйіті судан шығарылды.